Ақтөбе колония-қонысындағы сотталғандар мекеме әкімшілігінің бассыздығы мен азаптауларына шағымданды
Коллаж: Orda.kz
«Орда» редакциясына Ақтөбе облысы бойынша ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің № 9 мекемесінде қамауда отырған Бақытжан Құтжанов жүгінді. Ол колонияда отырғандардың құқықтары тапталып, колония-қоныс әкімшілігінің бассыздығы мен азаптауларына, сондай-ақ түзелу жолына түскен сотталғандарға жазаны жеңілдетуден жалған сылтаумен бас тартқан жергілікті судьялардың заң бұзушылығына шағымданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Құтжановтың айтуынша, ол екі рет қадағалаушылардың азаптауына тап болған, алайда екі жағдайда да билікті асыра пайдалану және азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілмеген. Жақында мекеме қызметкерлері сотталған Түркіменстан азаматын түкке тұрмайтын сылтаумен ұрып-соққан.
Жалпы алғанда, Құтжанов президент Тоқаевқа жолдаған бейнеүндеуінде осы оқиға мен тұтастай түрмеде отырғандардың қиын жағдайы туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Ақтөбе колония-қонысында 100-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. 2024 жылдың желтоқсанында олардың ең батыл деген бесеуі мемлекет басшысының, бас прокурордың және Жоғарғы сот төрағасының атына ұжымдық үндеу жолдады.
Ол кезде олар мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан жергілікті судьяларға ғана шағымданған.
Құтжановтың айтуынша, олар құзырлы орындардан бір-біріне сырғытқан жауабын ғана алды. Жаңа өтініштерінде олар Тоқаевтан бас прокуратурадан бұған дейін бас тартылған сот шешімдерінің негізділігін дәлелдейтін және колония қызметкерлері лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны туралы шағымдарын тексеретін комиссия жіберуді сұрайды.
Бұған дейін редакция Ұлытау өңірінде сотталғандарды азаптады деген күдікке ілінген қауіпсіздік қызметінің 11 қызметкеріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын жазған болатын.
2023 жылы мемлекет басшысы азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу және сотталған адамдардың құқығын кеңейту туралы заңға қол қойғанын да еске сала кетейік.
Сондай-ақ өзі түрмеде отырып, түрме басшысынан тайсалмаған Марат Жыланбаевтың хатын жарияладық.
2023 жылдың 31 мамырынан 1 маусымға қараған түні Жезқазғанның №62 мекемесіндегі сотталушылар көтеріліс жасап, салдарынан сот 11 қызметкерді «күш қолданды» деген айыппен бас бостандығынан айырса, жақындары оларды жай ғана өз міндетін атқарды деп ақтады.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ