«Ақтауға негіз жоқ»: Сәденов Шымкент полициясын қатаң сынап тастады

cover Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкент қаласы полиция департаментінде кеңес өткізіп, полицейлерді сынға алды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Кеңеске қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық құқық қорғау және арнайы орган басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Сәденов кеңеске жиылғандарға бұған дейін ішкі істер министрлігі тергеу департаментін басқарған Мұхтар Қожаевты Шымкент қаласы полиция департаментінің жаңа бастығы ретінде таныстырды.

Ұлттық құрылтай барысында  Тоқаев Шымкенттегі соңғы оқиғаларға байланысты ішкі істер министрлігіне нақты тапсырмалар берген еді. Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпегені үшін полиция департаментінің бастығы мен оның бірқатар орынбасарлары қызметінен қуылды. Аудандық бөлімдердің кейбір басшылары ішкі істер органдарынан шығарылды. Кеңес барысында министр Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс мұқият қаралуы керегін ескертті.

Сәденов жұмыстағы жүйелі кемшіліктерді көрсетіп, қылмысты жасыруға, уақытын созуға және сыбайлас жемқорлыққа мүлде жол бермеуді қатаң ескертті.

«Тәртіп жоқ жерде нәтиже де жоқ, сенім де болмайды, бедел құлдырайды. Әрбір заңбұзушылық үшін барлық деңгейдегі басшылар мен кәсіби борышына опасыздық жасағандардың әрқайсысы жеке дара жауап береді», — деді Ержан Сәденов. 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жұмысы да қатаң сынға алынды. Министр тиісті бөлімнің қызметіндегі елеулі олқылықтарды, жұмыстың әлсіз ұйымдастырылғанын және нақты нәтижелердің жоқтығын айтты. Анықталған кемшіліктерге байланысты қызметтік міндетін дұрыс орындамағаны үшін ҰҚҚҚ (УБОП) басшысы мен бөлімдердің бірінің жетекшісі қызметінен босатылды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар