Ақтауда ұшақ апатынан аман қалған Қырғыз азаматтары Бішкекке жеткізілді

cover Фото: видеодан кадр

Апатқа ұшыраған AZAL ұшағында зардап шегіп,  аман қалған Қырғызстан азаматтарын Қырғызстан Төтенше жағдайлар министірлігі арнайы рейспен  Бішкек қаласына жеткізді, деп хабарлайды Orda.kz.

Зардап шеккен жолаушылар арнайы рейспен Бишкек қаласының «Манас» халықаралық әуежайына жеткізілді. Әзірбайжан ұшағында үш Қырғызстан азаматы болды. Олардың барлығы аман қалып, біреуі ауыр жарақат алды.

Қазіргі таңда, жарақат алғандар дәрігердің бақылауында. Ерлан Жүнісалиев және Тілек Осмоновтың жағдайы орташа. Ринат Асановтың ауыр реанимацияда жатыр.

Еске салар болсақ. Embraer 190 ұшағы 25 желтоқсанда апатқа ұшырап, борттағы 67 адамның 38-і қаза тапты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар