Ақтауда өткен «Рухтың шамы – Пір Бекет» атты ақындар мүшәйрасына қатысты дау шықты
Фото: gov.kz
Ақтауда «Рухтың шамы – Пір Бекет» атты ақындар мүшәйрасы өтті. Алайда барлық өлеңдердің қазыларға жетпегені жайлы желі қолданушылары қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жайлы редактор, ақын Асылан Қуанышұлы өзінің Facebook парақшасында жариялады. Оның сөзінше, ұйымдастырушылар шығармаларды қазылар көрмей тұрып, өз беттерінше іріктеу жүргізген. Ол соның салдарынан талантты ақынның туындысы бағаланбағанын айтты.
Асылан Қуанышұлының айтуынша, байқау қорытындысында жүлдегерлер мен қазылар алқасы туралы еш күмән жоқ. Жеңімпаздар – талантты ақындар, ал қазылар – өз ісіне адал, беделді әдебиет өкілдері. Оның сөзінше, түйткіл – мүшәйраға түскен өлеңдерді алдын ала іріктеп алған ұйымдастырушыларда.
«Кейін білдім, жарысқа қатысқан ақындарға көпе-көрнеу қиянат жасаған екен. Бұған қазылар алқасының немесе жүлдегерлердің қатысы жоқ. Жүлдегерлер — талантты ақындар, қазылар да барынша әділ бағалаған. Сонда жас таланттың жолын кескен кім? Ұйымдастырушылар! Қазылар алқасы он бес-ақ қатысушының өлеңдерін бағалаған. Ал оны ұйымдастырушылар іріктеген. Мүшәйраның шартында «байқау екі кезеңнен тұрады» және «бірінші кезеңде он бес ақынның өлеңін іріктеп аламыз» деген бір ауыз сөз жоқ», — деді Асылан Қуанышұлы.
«Қай өлең қазыларға жетіп, қай өлең жолда жоғалады? Іріктеуді кімдер жүргізді? Олар кәсіби әдебиетші ме? Қандай талаппен саралады?» деген сұрақтарға ақын нақты жауап беруді талап етеді.
«Ұйымдастырушылар дін істері басқармасының тапсырысын дұрыс атқарып шыққанына сенімді болса, мүшәйраға неше өлең келіп түскенін және нешеуі не үшін өтпей қалғанын нақты айтып берсін. Бұған қоса, он бес өлеңді осында жариялап, жұрттың көзінше талдап-таразылап берсін. Ол сарапшылар үшін не уақыт алатын, не жан қинайтын шаруа емес. Өйткені бұған дейін сараптап, хаттап қойған, жариялай салса болғаны. Ал бұған жауап бере алмай ма, ұйымдастырушылар біріншіден мойнына алған міндетті дұрыс атқара алмағаны үшін, екіншіден, жас таланттың жолын кескені үшін, бастысы, әділ болмағаны үшін жұрт алдында кешірім сұрасын!», — деді Асылан Қуанышұлы.
Бұл жазбаға Маңғыстау облысының дін істері басқармасының өкілі Інжу Тұрарова қазылардың кім екенін айта отырып, жауап жазды. Ол ұйымның 15 ақынды ұсынғанын айтқан:
«Жобаның техникалық ерекшілігіне сәйкес, 15 ақынның қатысуымен шара ұйымдастыру керек. Қазылар алқасына жобаны ұйымдастырушы ұйым бірінші 15 қатысушының жолдаған өлендерін ұсынған. Ережеге сәйкес, мүшәйраға кем түскен өлендердің авторы көрсетілмей, қазылар алқасына ұсынылды. Жобаны ұйымдастырушы ұйымның әрекеттері ережеге және техникалық спецификацияға қайшы келмейді.Осы ретте, мүшәйра техникалық ерекшелікке және ережеге сәйкес жүргізілді», — деді Інжу Тұрарова.

Алайда байқау ережесінде 15 ақынның ғана қатысатыны жайлы сөз болмаған.

Еске сала кетсек, Атырау облысында тұрғындар зираттарды қиратып кеткендерді жазалауды талап етті.
Жаңалықтар
- Ақтауда өткен «Рухтың шамы – Пір Бекет» атты ақындар мүшәйрасына қатысты дау шықты
- Атырау облысында тұрғындар зираттарды қиратып кеткендерді жазалауды талап етті
- Алматы әуежайында жаңа туған сәбилерді Қазақстаннан әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды
- Алматыда ауладағы баланы теуіп құлатқан ер адам ұсталды
- «Қайраттың» бұрынғы бапкері 46 жасында көз жұмды
- Алғабастағы алапат өрттен аман қалған 7 жастағы қыз да қайтыс болды
- «Сен кімсің өзі?»: Құзырлы орган қызметкерлері Orda.kz заңгеріне дөрекілік танытты
- Orda.kz редакциясына қаруланған әскерилер келіп, тінту жүргізіп жатыр
- «Қара киінген адамдар. Белгісіз көліктер»: Редакциядағы әріптестерімізден хабар жоқ
- Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды
- Елордадағы Qyran тұрғын үй кешеніндегі алаяқтық елімізге миллиардтаған шығын келтірді
- «Құмар ойынды ауыздықтау»: Ресейдің есеп жүйесін енгізіп егемендіктен айырылып қалмаймыз ба?
- Еліміздегі Airbus бағдарламалық жасақтамасын жаңарту толық аяқталды
- «Пәтер бағасы қатты қымбаттайды»: экономист жаңа Салық кодексіне қатысты пікір білдірді
- Ақ үй маңында Ұлттық гвардия қызметкерлері жарақаттанғаннан кейін АҚШ босқындарды қабылдауды тоқтатты
- Отандық БАҚ мәселесі: Жасанды зерде жарнамасыз қалдырып, жарға итеріп жатыр
- Оңтүстік-Шығыс Азияда су тасқыны мен көшкін салдарынан 500-ден астам адам опат болды
- «Ойымды дұрыс жеткізе алмадым» - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары мүгедектігі бар адамдардың намысына тиген сөзі үшін кешірім сұрады
- Түнде Алматыда адам шошырлық көлік апаты болды, зардап шеккен үш адам ауруханада
- АҚШ-та кем дегенде 10 бала коронавирусқа қарсы екпеден қайтыс болды