Ақтауда лаңкестік әрекеттің алды алынды

cover Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтаудағы лаңкестік әрекеттің алдын алу туралы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың 1 сәуірінде Ақтауда ҰҚК қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, лаңкестік әрекетке дайындалды деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

«Оның тұрғылықты жерін тінту барысында, оның үстінен жойғыш элементтері бар жарылғыш құрылғы жасауға арналған бөлшектер және басқа да заттай айғақтар алынды. Ол радикалды діни идеологияны ұстанушы, бұрын адам өлтіргені үшін сотталған» делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар