«Ақтауға негіз жоқ»: Сәденов Шымкент полициясын қатаң сынап тастады
Фото: Polisia.kz
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкент қаласы полиция департаментінде кеңес өткізіп, полицейлерді сынға алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеңеске қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық құқық қорғау және арнайы орган басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Сәденов кеңеске жиылғандарға бұған дейін ішкі істер министрлігі тергеу департаментін басқарған Мұхтар Қожаевты Шымкент қаласы полиция департаментінің жаңа бастығы ретінде таныстырды.
Ұлттық құрылтай барысында Тоқаев Шымкенттегі соңғы оқиғаларға байланысты ішкі істер министрлігіне нақты тапсырмалар берген еді. Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпегені үшін полиция департаментінің бастығы мен оның бірқатар орынбасарлары қызметінен қуылды. Аудандық бөлімдердің кейбір басшылары ішкі істер органдарынан шығарылды. Кеңес барысында министр Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс мұқият қаралуы керегін ескертті.
Сәденов жұмыстағы жүйелі кемшіліктерді көрсетіп, қылмысты жасыруға, уақытын созуға және сыбайлас жемқорлыққа мүлде жол бермеуді қатаң ескертті.
«Тәртіп жоқ жерде нәтиже де жоқ, сенім де болмайды, бедел құлдырайды. Әрбір заңбұзушылық үшін барлық деңгейдегі басшылар мен кәсіби борышына опасыздық жасағандардың әрқайсысы жеке дара жауап береді», — деді Ержан Сәденов.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жұмысы да қатаң сынға алынды. Министр тиісті бөлімнің қызметіндегі елеулі олқылықтарды, жұмыстың әлсіз ұйымдастырылғанын және нақты нәтижелердің жоқтығын айтты. Анықталған кемшіліктерге байланысты қызметтік міндетін дұрыс орындамағаны үшін ҰҚҚҚ (УБОП) басшысы мен бөлімдердің бірінің жетекшісі қызметінен босатылды.
Оқи отырыңыз:
- Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
- Шымкент полициясының басшысы Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін қызметінен босатылды
Жаңалықтар
- Енді ресми: 2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
- Қызылқайраттағы қанды оқиға: Адам өлімі мен бала ұрлау, тергеушілердің ісі сотқа өтті
- «Ақтауға негіз жоқ»: Сәденов Шымкент полициясын қатаң сынап тастады
- Павлодарда «қандас» құжатын жасап алған ауғанстандық азамат әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған
- Тоқаев пәкістандық басылымға эксклюзив сұхбат берді
- Алматылықтардың 1000-нан астам үйі мен жер телімі сүріледі: Әкімдік орнына не салмақшы?
- Алматыда жүргізуші рөлде келе жатып жүрегі ұстап қайтыс болды, салдарынан 5 көлік соқтығысты
- Автокөлік нөміріне онлайн қалай өтініш беруге болады?
- Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді
- Мектеп оқушылары қосымша бір апта демалады
- Жерде магниттік дауыл басталды: Қандай өзгеріс болады?
- Нұрай ісі: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
- Масамен күреске 13,6 млрд теңге бөлінбек: Павлодар облысы әкімдігі бұған не дейді?
- Түркістан облысында заңсыз алтын өндірген 12 адам тергеуге алынды
- Зеленский украиналық 55 мың сарбаз қаза тапқанын мәлімдеді
- Милан Олимпиадасының спорттық сайыстары басталды
- Блогерлер ісі: Жаңабыловтарға қатысты тергеу аяқталды
- Жапонияда қалың қардан қаза тапқандар саны 35 адамға жетті
- Петропавл маңындағы орманда үсіп қалған 18 жастағы жігіттің денесі табылды
- Министрлік қызылша ауруы өршуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады