«Ақшаны мұздатқышқа жасырған»: Медицина университетінің бұрынғы ректоры пара алғаны үшін сотталды
Фото: Aktobetimes
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің бұрынғы ректоры Әсет Қалиев кәсіпкер Инесса Мутургановадан пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс материалдарына сәйкес, 2022 жылдың қыркүйегінде Қалиев БҚМУ ректоры лауазымына орналасқаннан кейін көп ұзамай өзі бірнеше жылдан бері білетін Мутургановаға «Samruk-Kazyna Trust» қорынан қаражат алуды ұсынды. Ол университет жанындағы онкологиялық науқастарды оңалту бөліміне қаражат алу үшін қорға жүгінуді жоспарлады. 2023 жылдың қыркүйегінде университет пен қор арасында 249 миллион теңгеге қайырымдылық көмек туралы келісім жасалды. Осыдан кейін Мутургановаға тиесілі «Aspasia LTD», «KIFMED» ЖШС және «Власова» ЖК компаниялары ректордың қолдауымен бірнеше рет тендер жеңіп, жалпы 196 миллион теңгеге жабдық жеткізген. Алаяқтық іс-әрекеттер әрі қарай жалғасты.
«Мутурганова Қалиевқа 11 640 000 теңге көлемінде пара беру мақсатында 28 мамырда сағат 12:05-те Ақтөбеге келді. Сол күні сағат 21:35 те «Дастан» қонақ үйінің жанында Мутурганова аталған қаражатты Қалиевқа тапсырды» деп жазылған сот материалында.
Сол күні кешке Антикор Қалиевтің үйінде тінту жүргізді. Мутургановадан алған ақшасын қауіпсіздік қызметкерлері мұздатқыштан тапты.
Ректор мен кәсіпкер кінәсін мойындамады. Қалиев алынған қаражат онкологиялық науқастарға арналған оңалту ауруханасын ашуға демеушілік көмек болды деп мәлімдеді.
Нәтижесінде Іле аудандық соты екеуін де кінәлі деп тапты. Қалиев те, Мутурганова да сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оларға мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды. Ал Қалиев «Ерен еңбегі үшін» медалінен айырылды.
Айта кетейік, Air Astana-ны 20 жыл басқарған Питер Фостер компаниядан кетеді.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды