«Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема

cover Иллюстрация нейросеть DALL-E көмегімен жасалған.

Қазақстанда жаңа алаяқтық схемасы белең алып отыр. Адамдар ақшасын өз еркімен қайтарып, байқамай дропперге айналып кетеді. Orda.kz тілшісі бұл схемаларды зерттеп көрді.

Елімізде соңғы уақытта банк қосымшалары арқылы жасалатын жаңа қаржылық алаяқтық түрі белең алуда. Схема қарапайым бейтаныс адам сіздің шотыңызға ақша аударады, артынша «қателесіп жібердім» деп хабарласып, қаражатты қайта жіберуді сұрайды. Көп жағдайда азаматтар мән-жайды тексерместен, ақшаны қайтарып жіберіп, кейін өздері қалай алаяқтық схеманың қатысушысына айналып кеткенін байқамай қалады. 

Сарапшылардың айтуынша, бұл схема екі бағытта жұмыс істейді екен. Бірнішісі, «Қате аударым» әдісі
алаяқтар бөтен адамның шотына аздаған сома аударады. Кейін хабарласып, қаражатты басқа нөмірге қайтаруды сұрайды. Азамат ақшаны «қайтарып жатырмын» деп ойлайды, бірақ іс жүзінде ол басқа шотқа өз қаражатын аударады. Бастапқы аударым кейін даулы операция ретінде кері қайтарылуы мүмкін немесе азамат дропперлік тізбекке түсіп қалады.

Ал дропперлік схема дегеніміз қылмыстық топтар ұрланған немесе алаяқтық жолмен алынған қаражатты үшінші тұлғалардың карталары арқылы «айналдырып» отырады. Кейбір азаматтар шотын уақытша пайдалануға береді. «Тек аударым жасап беріңізші» деген өтінішке келісе кетеді, не болмаса жағдайды толық түсінбей, ақшаны ары қарай жібереді. Осының салдарынан адам өзі қылмыстық іс бойынша куәгер не күдікті ретінде тартылуы мүмкін.  

Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды 

Алайда бұл делдал дропперлерге қатысты өткен жылы ҚР Қылмыстық кодексіне жаңа бап қосылып, енді алаяқтық схемалардағы бұндай әрекетке барғандар тек айыппұлмен шектелмейді. Зардап шеккендерге ақшаны қайтаруға міндеттеліп немесе түрмеге қамалуы мүмкін. Енді бұл ҚР Қылмыстық кодексінің 232 бабының 1 тарауымен жазаланады.

  • Өз банк шотын бөгде адамға пайдалануға бергендер – 3 жылға дейін;
  • Ақшаны басқа адамға аударғандар – 5 жылға дейін;
  • Бірнеше шотты алаяқтық схема арқылы пайдаланғандар – 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Осыған орай заңгердің пікірін білдік, Дархан Әлсейітовтің айтуынша оған осы дроперлік пен интернет-брокерлік сынды алаяқтыққа тап болған жәбірленушілер жиі хабарласады екен. Яғни, азаматтардың атынан заңсыз несие рәсімдеп брокерлік шоттарға аударылады екен. Сондай-ақ, ол қазіргі таңда банк қосымшасына «қателесіп ақша жіберетін» алаяқтық схемелардан аяқ алып жүру қиындап кеткенін айтты.

«Егер біреу сіздің шотыңызға ақша жіберсе де, кейін оны басқа есепшотқа қайтаруды сұраса, ақшаны ешқашан аудармаңыз. Мұндай әрекет алаяқтық схемасының бөлігі болуы мүмкін. Ос арылы алаяқтар сізді өз ақшаңызды басқа адамға аударуға көндіріп, кейін оны өз пайдасына пайдалана алады. Сонымен қатар, банк қаржылық операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Қазіргі банктерді барлық қауіпсіз әрекеттер жасалғанымен бұл жерде негізіг фактор адамның өзі, яғни, адам келген кодты айтып қойса кейде ары қарайға алаяқтық фактілерді тоқтату мүмкін болмай қалады. Ақырында адам алданып қалады», – деді заңгер Дархан Әлсейіов.

Қазіргі цифрлық заманда банк қосымшаларын пайдалану ыңғайлы болса да, ол алаяқтар үшін де мүмкіндік туғызып отыр. «Қателесіп ақша жібердім» деген сценарий арқылы дропперге айналып кетпеу үшін әрбір азамат абай болуға міндетті.

Ақшаны ешқашан өз бетімен аудармау, күмәнді өтініштерге көнбеу және күдікті операциялар туралы банк пен құқық қорғау органдарына хабарлау — ең тиімді қорғаныс шаралары. Заң да дропперлерге жауапкершілік жүктеп, алаяқтыққа қатысқандарды жазалауды қарастырады, әр адам өз қауіпсіздігімізге жауапты екенін ұмытпаған жөн.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар