АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп

cover Фото: AFP

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция шамамен төрт аптаға жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

АҚШ басшысы ИРСК-ті «қаруды тастауға» шақырды. Айтуынша, АҚШ жүздеген нысанаға соққы жасаған.

«Біз бұл шамамен төрт аптаға созылады деп болжап отырмыз. Тарихта да мұндай үдерістер әдетте төрт аптаға жоспарланған. Сондықтан операцияның күрделілігіне қарамастан, ол төрт аптада немесе одан да қысқа мерзімде аяқталады», – деді Трамп.

Сондай-ақ «егер жаңа басшылық өзін прагматикалық серіктес ретінде көрсетсе», санкцияларды алып тастауды қарастырады. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар