АҚШ-тың бұрынғы президенті көз жұмды

cover Фото: Envato

АҚШ-тың экс-президенті Джимми Картер 100 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Джорджия штатында АҚШ-тың 39-шы президенті және Нобель сыйлығының лауреаты Джимми Картер көз жұмды. Оның қайтыс болғаны туралы ұлы Джеймс Картер III мәлімдеді. Өлімнің себебі әлі жария етілмеді. 

Картер 1977 жылдан 1981 жылға дейін мемлекет басшысы қызметін атқарды. Ал лауазымынан айырылған соң,  қайырымдылық жұмыстарына қатысып, гуманитарлық жобалармен айналысты.

Ол АҚШ тарихындағы ең ұзақ өмір сүрген президент болды. Оның төрт баласы, 11 немересі және 14 шөбересі бар.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп пен Джо Байден экс-президенттің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар