АҚШ, Ресей және Қытай 2022 жылдан бері алғаш рет Украина бойынша қарарға бірге дауыс берді
Фото: Генеральная Ассамблея ООН
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ ұсынған Украина жөніндегі қарарды қабылдады. Үш абзацтан тұратын мәтінде агрессияны айыптау жоқ, тек бейбітшілікке шақыру бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Қарарды 10 ел қолдады – АҚШ, Қытай, Ресей, Алжир, Гайана, Сьерра-Леоне, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Панама, Сомали. Бес ел қалыс қалды – Ұлыбритания, Франция, Грекия, Словения, Дания.
БҰҰ-ның қарарында «Ресей-Украина қақтығысы» құрбандарына қайғы білдіріліп, ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі міндеттемесі расталды. Құжат тез арада тұрақты бейбітшілік орнатуға шақырады.
Ассамблея тағы екі қарарды қабылдады біріншісі – Украина мен еуропалық елдер әзірлеген, екіншісі – АҚШ ұсынған, бірақ Украинаға қолдау білдіретін түзетулер енгізілгеннен кейін өзгертілген құжат. Reuters агенттігінің пікірінше, бұл дипломатиялық тұрғыдан Киев пен оның еуропалық одақтастарына Вашингтон алдында артықшылық берді.
Жаңалықтар
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды