АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
Фото: Ашық дереккөзден
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы аясында соңғы уақытта қандай өзгерістер болып жатыр, соғыс жағдайы әлем елдеріне әсер етіп, қандай соққы жасалып, қанша адам қаза тапқанын саралайық, деп хабарлайды Orda.kz.
Хезболла Ливанда Израильге соққы жасады. Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Бейруттің оңтүстігін және Ливан астанасы маңындағы «Хезболла» нысандарын бомбалады. Араб БАҚ-тарының хабарлауынша, Ливанның оңтүстігінде кемінде 10 адам қаза тапқан. Қаза болғандардың арасында ұйымның саяси қанатының жетекшісі Мохаммед Раад бар деген ақпарат тарады. Израиль билігі Ливанның шығысы мен оңтүстігіндегі тұрғындарды ықтимал соққылар алдында эвакуациялануға шақырды.
Кипрдегі Ұлыбританияның Акротири әуе базасына дронмен шабуыл жасалды. Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі мәліметінше, базаға болмашы ғана зақым келген, зардап шеккендер жоқ.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысы Әли Лариджани Тегеран Вашингтонмен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді. Осылайша ол The Wall Street Journal басылымында жарияланған, Оманның арағайындығымен келіссөздерді қайта бастау туралы ақпаратты жоққа шығарды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығында «өте лайық үш кандидат» бар екенін айтып, олардың есімдерін нақтыламады. Ол биліктің ауысуы бірнеше сценарий бойынша мүмкін екенін, соның ішінде КСИР-ді қарусыздандыру немесе «Венесуэладағыдай мінсіз сценарий» нұсқасы барын жеткізді. Сонымен қатар, Трамп ешбір тарапқа қауіпсіздік кепілдігі берілмейтінін атап өтті.
Трамптың сөзінше, АҚШ пен Израиль Иранға қарсы соққыларды тағы «төрт-бес апта» жалғастыруы ықтимал. Әскери операция қазіргі қарқынмен жалғасады, себебі оқ-дәрі қоры жеткілікті. Ол америкалық әскери қызметкерлердің қазасына байланысты көңіл айтып, болашақта да шығын болуы мүмкін екенін «соғыстың шындығы» деп бағалады.
Бахрейндегі Салман портында зымыран сынықтарының кеме үстіне құлауынан бір адам қаза тауып, екеуі жараланды. Бахрейн, БАӘ және Катар аумағында әуе дабылы жарияланды.
Аймақтағы жағдай күрт шиеленісіп кетті. Қақтығысушы тараптар әзірге әскери әрекеттерді тоқтатуға дайын екендерін білдірмеді.
Жаңалықтар
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп
- Трамп Иран басшысы қызметіне үш үміткер бар екенін мәлімдеді
- Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мұнай бағасы көтеріліп барады
- Тоқаев БАӘ президентімен телефон арқылы сөйлесті: Қазақстан көмек көрсетуге дайын
- Таяу Шығыстағы жағдай: АҚШ 500-ден аса әскерінен айырылған болуы мүмкін
- Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад қаза тапты
- Масуд Пезешкиан Иран халқына үндеу жолдады
- Иран соғысы: Ормуз бұғазы маңында 150 кеме кептеліп тұр
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырмауға шақырды
- Иранның Тель-Авивке жасаған жауапты зымырандық шабуылынан 2 адам қаза тауып, 27 адам жараланды
- Контрафактілік тауар: 17,1 тоннадан астам өнім айналымнан алынып, 29,9 млн теңгенің айыппұлы салынды