АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
Фото: Ашық дереккөзден
АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты, келісімге қол жеткізілмеді. АҚШ пен Иран Исламабадтағы келіссөздерде соғысты тоқтату туралы келісімге келе алмады, Вэнс Пәкістаннан ұшып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Иран билігі Исламабадта өткен АҚШ-пен келіссөздердің уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Ресми хабарламада ортақ келісімге қол жеткізілмегені айтылған. Келіссөздер аяқталғаннан кейін АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те баспасөз конференциясында осы кезеңде тараптардың келісімге келе алмағанын растады.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Исламабадта өткен келіссөздерден кейін АҚШ пен Иран келісімге келе алмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Иран АҚШ шарттарын қабылдаудан бас тартқан, соның ішінде Вашингтон Тегеран тарапынан ядролық қару жасамау жөнінде «негізгі міндеттемені» көрмеген.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс 21 сағаттан астам уақытқа созылған және соғысты тоқтатуға тиіс бейбіт келісімге әкелмеген шиеленісті келіссөздерден кейін Пәкістаннан ұшып кетті.
«Біз ирандықтармен бірқатар мазмұнды талқылаулар өткіздік, бұл – жақсы жаңалық. Жаман тұсы — біз келісімге қол жеткізе алмадық, және менің ойымша, бұл АҚШ-қа қарағанда Иран үшін әлдеқайда жағымсыз жаңалық», — деді Вэнс.
Ол ядролық қару мәселесі АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердегі негізгі тақырып екенін атап өтіп, президент Трамптың басты мақсаты — Тегеранның қазір де, болашақта да ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін айтты. Вэнстің сөзінше, Исламабадтағы келіссөздер барысында АҚШ Иран тарапынан ядролық қару жасамау жөнінде нақты міндеттеме көрмеген.
«Біз ирандықтар біздің шарттарды қабылдайтын жағдайға жете алмадық», — деп қосты ол.
Иран үкіметі X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде 14 сағатқа созылған келіссөздер аяқталғанын және енді екі тараптың техникалық сарапшылары құжаттармен алмасатынын хабарлады.
«Екі тараптың техникалық топтары енді сараптамалық құжаттармен алмасады. Кейбір келіспеушіліктер сақталғанына қарамастан, келіссөздер жалғасады» деп жазылған Иран тарапының ресми мәлімдемесінде.
Сондай-ақ Иран билігі келіссөздер 14 сағатқа созылғанын және 12 сәуір, жексенбі күні жалғасатынын хабарлаған болатын.
Еске сала кетейік, Пәкістан астанасы Исламабадта АҚШ пен Иран делегациялары кездесті. Бұл — соңғы 50 жылдан астам уақыт ішіндегі екі ел өкілдерінің алғашқы тікелей кездесуі болды. АҚШ делегациясының құрамында вице-президент Джей Ди Вэнс, арнайы өкіл Стив Уиткофф және президент Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер болды. Олар Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибафпен және сыртқы істер министрі Аббас Арагчимен кездесті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?
- Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды