АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
Фото: Егемен Қазақстан
АҚШ әлем жұртшылығын таң қалдырып, өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы. АҚШ Қаржы министрлігі уақытша, бір айға, иран мұнайын сатып алуға және сатуға рұқсат берді, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жүргізіп жатқан соғысына байланысты Тегеран Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын бұғаттады. Енді АҚШ соғыс салдарынан қымбаттап кеткен мұнай мен энергия тасымалдаушылар бағасын төмендетуге көмектесуі тиіс деген болжаммен осындай қадамға барып отыр.
Сарапшылардың ескертуінше, Вашингтон іс жүзінде Тегеранға АҚШ-пен соғысты жалғастыру үшін табыс табуға мүмкіндік береді. Парадокс, әрине...
АҚШ Қаржы министрлігі энергия ресурстары бағасының өсуін төмендету мақсатында Иран мұнайын сатып алу мен сатуға бір айға уақытша рұқсат берді. Бағаның қымбаттауына Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының Тегеран тарапынан бұғатталуы әсер еткені сөзсіз.
20 наурызда АҚШ Қаржы министрлігі 30 күнге арналған лицензия жариялады. Ол осы күнге дейін жөнелтіліп, жолда болған Иран мұнайы мен мұнай өнімдерін сатып алу мен сатуға қойылған тыйымды уақытша алып тастайды. Алайда бұл лицензия жаңа келісімшарт жасауға рұқсат бермейді.
АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент бұл шешімді «қысқа мерзімді» деп сипаттады. Оның бағалауынша, бұл қадам әлемдік нарыққа шамамен 140 млн баррель мұнайды жедел шығаруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде тапшылық ішінара азайып, баға төмендеуі мүмкін. Бағаның өсуіне Тегеран тарапынан Ормуз бұғазы арқылы коммерциялық кеме қатынасының шектелуі себеп болып отыр. Бұл жағдай АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысының төртінші аптаға жалғасуына байланысты.
Қазіргі таңда иран мұнайының негізгі сатып алушысы — Қытай, ол мұнайды жеңілдікпен сатып алып отыр.
«Бұл қорларға әлем үшін уақытша қолжетімділік ашу арқылы АҚШ әлемдік нарыққа шамамен 140 млн баррель мұнай жеткізіп, энергия ресурстары көлемін арттырады және Иран туындатқан уақытша жеткізілім қысымын азайтады. Негізінен, біз бағаларды ұстап тұру үшін иран мұнайын Тегеранның өзіне қарсы пайдаланамыз, сонымен қатар Иранға қарсы соғысты жалғастырамыз», — деді Бессент.
Оның пікірінше, Иран бұл табысқа толық қол жеткізе алмайды, өйткені «АҚШ Иранға және оның халықаралық қаржы жүйесіне қол жеткізу мүмкіндіктеріне барынша қысым жасауды жалғастырады». Бұл да Трамп пен АҚШ саясатының есі дұрыс адам түсіне бермейтін тұстары...
Бір апта бұрын дәл осындай уақытша санкциялық жеңілдік Ресей мұнайына қатысты да енгізілген болатын.
Еске салсақ, Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді 20 наурыздан бастап ақылы түрде өткізе бастады.Тегеран Ормуз бұғазы арқылы сауда кемелерін өткізу үшін «баж салығын» енгізді.
Дереккөздердің айтуынша, Үндістан, Пәкістан, Ирак, Малайзия және Қытай жаңа механизмді пайдалану бойынша Иранмен келіссөздер жүргізе бастаған.
Сонымен бірге Иран тарабынан Қызыл теңіз бен маңызды теңіз дәліздерінде жағдайды ушықтыруы мүмкін деген ескертулер де айтылып жатыр. Бұл жағдайда қақтығыс тек екі елдің шеңберінен шығып, халықаралық сауда жолдарына әсер етуі ықтимал.
Оқи отырыңыз:
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
Жаңалықтар
- Алматыда кредиттік бюро алаяқтық жолмен 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін