АҚШ Мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды өкілдері Қазақстанға келеді
Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы елші Серджио Гор мен мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау 26-30 қазанда Қазақстан мен Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, сапар Вашингтонның Орталық Азия мемлекеттерімен серіктестікті дамытуға және өңірдің тұрақтылығы мен дамуы мәселелері бойынша диалогты қолдауға ұмтылысын көрсетеді.
«Құрама Штаттар Орталық Азиядағы әріптестерімен қарым-қатынасты нығайту және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту үшін ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Біз елдеріміз арасындағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға үміттенеміз, сондай-ақ С5+1 дипломатиялық платформасы шеңберінде АҚШ пен Орталық Азия серіктестігінің онжылдығын атап өтеміз» деп жазды олар.
Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде жасаған жүк транзитіне қатысты маңызды мәлімдемесінен кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіргені хабарланған болатын.
28 наурызда АҚШ Мемлекеттік департаменті Конгресті USAID - АҚШ Халықаралық даму агенттігінің таратылғаны туралы ресми түрде хабардар етті. Бұл ретте Мемлекеттік департамент агенттік функцияларының бір бөлігін өзіне алды.
Жаңалықтар
- Әкімдік Қаныш Сәтпаев атындағы мектепті «бұзу» жайындағы алматылықтардың наразылығына жауап берді
- Түркістан облысындағы қашып кеткен сотталушы ұсталды
- Трамп Украинадағы қақтығысты реттеуге Бейжіңнен көмек сұрады
- АҚШ Мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды өкілдері Қазақстанға келеді
- Шымкентте ойыннан от шығып, Нұрсат өртеніп кете жаздады
- Атыраудағы «ақылды» бағдаршамдар жүргізушілерді ақымақ қылып бітті
- Cұқ көзден таса: Ұрлықтан кейін Лувр қазынасы Франция Банкінің астына жасырылды
- Милад Карими Джакартада әлем чемпионатының үздік бес гимнастының бірі атанды
- Амелина Бакиева ММА бойынша жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары «алтынын» жеңіп алды
- Қызметтік көлікпен аңға шығып, апатқа ұшыраған әкімге қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Экстремистер, есірткі зертханалары және орынбасардың ауысуы: Тоқаев ҰҚК басшысын қабылдады
- Марат Ирменов ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды
- Марко Рубио АҚШ атынан Қазақстанды Республика күнімен құттықтады
- Путин Тоқаевты Республика күнімен құттықтады
- «Орданың» бас редакторының фейсбуктегі парақшасы өшірілді
- Тоқаев салтанатты түрде мемлекеттік туды көтерді
- Түркі мемлекеттері ұйымдарының келесі кездесуі Қазақстанда өтеді
- АҚШ Венесуэла жағалауына әуе шабуылын жасамақшы
- Елдегі салымға қатысты мөлшерлеме тарихи рекорд орнатты
- Шұғыла Өмірбек күрестен әлем чемпионатында тарихи алтын алды