АҚШ Иранға соққы жасамайтын болды: Тараптар келіссөзге уағдаласты
Фото: https://img.tsargrad.tv
Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иранның АҚШ-пен ядролық келіссөздерге қатысты ұстанымы туралы мәлімдеме жасады. Келіссөзді бастауға Иран президенті Масуд Пезешкиан тапсырма берген, деп хабарлайды Orda.kz.
Иран келіссөздерді тек ядролық мәселемен шектегісі келеді. Аббас Аракчи АҚШ президенті Дональд Трамптың «Иранда ядролық қару болмауы тиіс» деген мәлімдемесімен толықтай келісетінін айтып, Тегеран ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатын кепілдендіруге дайын екенін мәлімдеді.
Осы орайда, Тегеран мен Вашингтон арасындағы келіссөздер алдағы күндері басталады деген болжам бар. Аббас Аракчи мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф жолығуы мүмкін. Келіссөздердің нақты орны мен уақыты әзірге белгісіз.
Сонымен қатар, Аракчи Иранның уранды байыту құқығы мойындалған жағдайда, келіссөздердегі өзге шарттарды талқылауға дайын екенін атап өтті. Оның сөзінше, дәл осы шарт орындалса, келіссөз форматы кедергі болмайды.
«Иранның байытылған ядролық материалдарды қандай да бір үшінші елге беруге еш негізі жоқ, әрі келіссөздер бұл тақырыпқа мүлде қатысы жоқ», — деді Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесі хатшысының халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Али Багери.
Айта кетейік, бұған дейін Трамптың арнайы өкілі Иранмен қақтығысты реттеудің төрт шартын атаған еді.
Шарттардың ішінде ол уранды байыту, Тегеранның зымырандар мен ядролық материалдар қорын қысқарту, сондай-ақ кепілдікті қамтамасыз ету тақырыбын атады. Дональд Трамптың арнайы өкілі Иранда қазір әр түрлі мәліметтер бойынша 3,67-60 пайызға байытылған екі мың келіге жуық ядролық зат бар деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты