АҚШ Әділет министрлігі Клинтон мен Джексонның педофил Эпштейнмен түскен суреттерін жариялады
Фото: АҚШ Әділет министрлігі
Ведомство педофилия тұрғысынан айыпталған миллиардер Джеффри Эпштейннің ісі бойынша жаңа материалдарды жариялады. Олардың қатарында Майкл Джексонмен бірге түскен суреттер, сондай-ақ бассейндегі әйелдермен демалып жүрген Билл Клинтонның суреттері бар.
Әзірге үзіліспен жұмыс істеп жатқан Әділет министрлігінің арнайы порталында мыңдаған құжаттарды табуға болады, алайда олардың көпшілігі қатты түзетілген және мәтіннің жасырын бөліктері де жетерлік.

Джеффри Эпштейнге бірінші айып 2005 жылы тағылған. 2008 жылдың маусымында ол өз кінәсін мойындап, содан кейін тиісті мерзімін өтеп, бостандыққа шықты. Алайда, ол АҚШ-та үшінші деңгейдегі сексуалдық заңдарды бұзушылар (қайталап қылмыс жасау қаупі жоғары) тізіміне енген.

2019 жылы 6 шілдеде Эпштейн адам саудасы бойынша тұтқындалды. Полиция тінту кезінде көптеген дәлелдемелер тапты. Бір айдан кейін ер адам камерада өзін-өзі өлтірді. Эпштейннің клиенттері арасында сол кезде 150-ден астам танымал адам болған және тізім үнемі толықтырылып отырады.

Мысалы, жақында педофил Эпштейннің құпиясыздандырылған файлдарында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да есімі аталды.
Еске салсақ, жақында жасөспірім қыздарды азғындыққа салғаны үшін айыпталған американдық миллиардер Джеффри Эпштейнге қатысты құжатта Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовтің аты мәлім болды.
Жаңалықтар
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды
- Полициядан қашқан: Астаналық мектеп оқушысы жүк пойызының төбесінен құлап кетті
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі