Ақмола облысының полицейлері заңсыз балалар лагері туралы істі тергеуде
Фото: gov.kz
Астаналық 40 жастағы тұрғын заңсыз кәсіп иесі ретінде ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
«31 шілде күні ауылдардың бірінде балалар лагері жұмыс істеп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған лагерьдің қызметі уәкілетті органдармен келісімсіз жүргізілген», деп мәлімдеді Полиция департаменті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігі — «Жалған құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін немесе мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция заңсыз лагерьлер тек заң бұзушылық қана емес, сонымен бірге балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін атап өтті. Сондықтан ата-аналарға баласын демалысқа жібермес бұрын, мекеменің барлық қажетті құжаттарының бар-жоғына көз жеткізуге кеңес беріледі.
Өткен жылы барша жұртты саунада орналасқан балалар лагеріне қатысты жанжал дүр сілкіндірген еді. Ол жерде 300 бала демалған. Кінәлілер жазаланды.
2023 жылы Қазақстан Президентінің Атырау облысындағы резиденциясы балаларға арналған білім беру және демалыс лагеріне айналған болатын.
Қайрат Сатыбалды мен өзге де олигархтар елден ұрлаған миллиардтарын балалар игілігіне жұмсауға мәжбүр болды.
Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін