Ақмола облысында жеткіншек қызды қатыгездікпен пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
Фото: Elements.envato.com
Ақмола облысында 14 жастағы қызды қатыгездікпен пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Полиция қызметкерлеріне Целиноград ауданы Ынтымақ ауылының 14 жасар тұрғынын өлтірді деген күдікті адамның тұрған жерін анықтау және ұстау үшін бір тәуліктен аз уақыт кетті. Қылмыс жасағаннан кейін ер адам қашуға тырысып, бірақ жедел іздестіріліп, ұсталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін біз қыздың пышақ жарақатынан қаза болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Полиция күдіктінің заң бойынша қатаң жазаланатынын айтып өтті. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық барынша қатаң қарастырылады», деп сендірді құқық қорғау қызметкерлері.
Айта кетерлігі, бұған дейін интернетте күдіктіге болжамды бағдар таратылған, алайда полиция оған түсініктеме берген жоқ.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды