Ақмола облысында отадан кейін қар тазалаған үш баланың анасы қайтыс болды
Фото: pixabay.com
31 жастағы ана 27 қаңтарда сегіз апталық баласынан айрылып, келесі күні өзі қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Nayza Kokshe мәліметінше, 31 жастағы үш баланың анасы 27 қаңтарда аудандық ауруханаға қан кету диагнозымен түсті. Жүктіліктің тоқтап қалуына байланысты оған ота жасалды.
Үйінде кішкентай балалары бар әйел, ауруханада ұзақ жатудан бас тартты. Дәрігерлердің айтуынша, осы күндері олар әйелмен байланыста болған, ол денсаулығына байланысты ешқандай шағым айтпаған. Ал 29 қаңтарда әйел қар тазалауға шыққаннан кейін жедел жәрдеммен Есіл аудандық ауруханасына жеткізілді. Оған ішкі ағзаларына қанның кетуіне байланысты операция жасалды, бірақ құтқару мүмкін болмады.
Ақмола облысының Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты алдын ала тергеу басталғанын хабарлады.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, 27 қаңтарда марқұм аудандық аурухананың гинекология бөлімшесіне түскен, оған операция жасалған. Сол күні өз қалауы бойынша үйіне жіберілген, бірақ 29 қаңтарда жедел жәрдем көлігімен ауруханаға кетіп бара жатып, қайтыс болды» деп хабарлады департамент.
Материалдар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне тексеру жүргізу үшін жолданды.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?