Ақмола облысында бөгет жарылды

cover Фото: Бейнеден кадр

Қорғалжың ауданында «Шөптікөл» бөгеті жарылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

ТЖМ мәліметінше, гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Бөгетте суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде. 

«Салдарды жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметі күштері мен құралдары қатыстырылды», деп хабарлады ТЖМ. 

Куәгерлердің сөзінше, екпінді қар суы «Астана – Қорғалжың» тасжолының бір бөлігін шайып кеткен. Алайда билік өкілдері жақын маңдағы Сабынды ауылына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын және жағдай толықтай бақылауда екенін мәлімдеді.

Бөгетті бекітуге 170 адам және 43 бірлік техника тартылған. Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар