Ақмола облысында әскерден жалтаруға «қажетті диагноз» қоятын қызметкер ұсталды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Әскерден «босату» үшін ақша алған Ақмола облысының медицина қызметкері алаяқтық бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz.      

Ақмола облысында әскерге шақырылушыларға мерзімді әскери қызметтен жалтаруға көмектесемін деп уәде берген алаяқтық әрекетке күдікті медицина қызметкеріне қатысты бірден үш қылмыстық іс тергеліп жатыр.

17 наурыз күні облыстың бір аудандық полиция бөліміне азаматтардан бірден үш арыз түскен. Арызданушылардың айтуынша, өткен жылдың соңында белгісіз ер адам өзін медицина қызметкері ретінде таныстырып, әскерден босатуға көмектесуге уәде еткен.

Ол әскерге шақырудан жалтаруға мүмкіндік беретін «қажетті»  диагноз қоя алатынын айтқан.

«Күдікті өз қызметі үшін жәбірленушілерден жалпы сомасы 1 млн 200 мың теңгеден астам ақша алған. Алайда ақша берген азаматтар уәде етілген медициналық құжаттарды алмаған, уәдесін орындамаған қызметкер ақшаны қайтарып та бермеген, осыған байланысты құқық қорғау органдарына жүгінген», деп хабарлады полиция. 

Еске салсақ, биыл 17 наурыздан бастап қалалық және аудандық шақыру комиссиялары азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыра бастады. Бұл науқан 30 маусымға дейін жалғасады, биыл 18-27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады. 

Мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан бірқатар қолдау көрсетіледі. Оларға несиелік демалыстар беріледі, сондай-ақ ҰБТ нәтижелерін есепке алмай, жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру гранттарымен түсу мүмкіндігі туады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар