Ақбөкеннің мүйізін сатқан ақтөбелік азаматқа 5 млн теңге айыппұл салынды
Желіде ақбөкен мүйізін сату туралы хабарландыру анықталған соң, 62 жастағы ақтөбелік азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбе тұрғыны қоқыс жәшігінен ағаш cияқты бұралған ақбөкен мүйіздерін тауып алғанын айтты. Ол мүйіздерді саудаға шығарды. Полиция қызметкерлері сатып алушы ретінде әрекет етіп, ер адамды ұстады. Оған мүйізді заңсыз сақтағаны үшін айып тағылды.
Сотталушы КСРО кезіндегі көне бұйымдарды сатумен айналысады. Көшеден небір жәдігерлерді тауып алып, қалпына келтіріп, кейін сатуға қояды.
Айта кетейік, сату туралы хабарландыру полицейлердің қызығушылығын оятқанға дейін жарты жылдай интернетте ілулі тұрған.
Сот 5 миллион 175 мың теңге айыппұлға қоса, антиквариат сатушыны 3 жыл 6 айға бостандығын шектеу жазасына кесті.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды