Айжан Байзақованың інісі Дикий Арманға қатысты полицияға шақырылды

cover Фото: ашық дерек көздерден

Қазақстандық блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов «Дикий Арман» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар деп полицияға шақырылды.

ҚазТАГ мәліметі бойынша полиция Байзақовты «Дикий Арман» атымен танымал криминалдық авторитет Арман Жұмагелдиев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландыруға байланысты жауап алды.

«Аталған азаматтың полицияға куә ретінде жеткізілгенін хабарлаймыз. Тергеу әрекеттерінен кейін ол босатылды» деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар