Айзат Жұманованың ісі: Ер адам ұрып-соққан әйелін ауруханаға өзі мас күйі алып барған
Фото: Бейнеден кадр
Биыл шілдеде Жетісу облысының Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова ауыр соққы мен азаптау салдарынан көз жұмды. Талдықорған сотында марқұм келіншектің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу дерегінше, ерлі-зайыпты Айбар Жанболатпен Айзат Жұманова бір-бірінің телефонын сындырып тастап, 15 күн телефонсыз жүрген. Осы аралықта екеуі бір-бірімен сөйлеспеген.
Сотталушы Айбар Жанболат 22 маусымда мас болып, әйелі Жұманованы өлтіруді ойлап, оны далаға шығарып, ұрып-соққан. Сол кезде Жұманова айғайлап, ұрмауын өтінген. Күйеуі әрекетін тоқтатпай, әйелдің басынан ұрып, оны есінен тандырып тастаған.
Кейін ер адам өлімші етіп сабаған әйелін ауруханаға өзі алып келеді. Ауыр жарақат алған Айзат Жұманова Талдықорғандағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда ол реанимация бөлімінде көз жұмды.
Айбар Жанболатқа Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша «Кісі өлтіру» бабы тағылып отыр.
Айта кетейік, Астанада бір күнде екі адам терезеден секіріп кетті.
Жаңалықтар
- Голливудтағы стилист Әлия Назарбаеваның жомарттығы жайлы жайып салды
- Айзат Жұманованың ісі: Ер адам ұрып-соққан әйелін ауруханаға өзі мас күйі алып барған
- Астанада бір күнде екі адам терезеден секіріп кетті
- Батыс Қазақстан облысында бүтін бір отбасы белгісіз заттан уланып қалды
- «Жазушылармен кездесу»: Жиындарда шекарашы сарбаздарға қандай әңгіме айтылды?
- Допинг жайлы даудан кейін Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен алып тастады
- Сенат ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
- Шымкентте 3 жастағы бала 16 магнит жұтып қойған
- Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін көпір опырылып түсті
- «Бұл – азаптау»: депутат түрмедегі өлімнің көбейгенін, адам құқықтарының тапталғанын айтып дабыл қақты
- Мәсімовтің белдігі мен олигархтардың сағаттарын кім сатып алады?
- Тоқаев Жапонияға іссапармен барды
- Композитор Еркеш Шәкеев «Замандас» пен «Курсивті» сотқа берді
- Мектептегі қантөгіс: 10 жастағы баланы пышақтап, қасында селфи жасаған оқушы
- «Руың кім?» фильмі рулық араздық тудырды ма?
- 10 жастағы баланың өліміне қатысты Тәжікстан Ресей елшілігіне наразылық нотасын жіберді
- «Air Astana» ұшағында төрт шетелдік араққа сылқия тойып алып төбелесті
- Атырауда ер адамды пәтерде жабылып ұрып кетті
- Қазақстан мен Франция заңсыз мигранттарды кері қайтару жөнінде келісімге келді
- Айдос Сарым Украинаның дрон шабуылын құптағандарды «террорист» ретінде жауапқа тартуды ұсынды