АЭС референдумы қарсаңында ұсталған Айдар Мүбәраковтің денсаулығы сыр берді

cover Фото: freepik.com

АЭС-ке қатысты референдум қарсаңында ұсталып, «жаппай тәртіпсіздік жасамақ болды» деген айыппен қамалған Айдар Мүбәраковтің жағдайы нашар екені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Айдар Мүбәраковтің адвокаты Еркін Қаһаров мәлімдеді. Оның айтуынша, 29 қарашадан бері аштық жариялаған белсендінің асқазаны бұрыннан ауыратындықтан жағдай ушыға бастаған екен. Бірақ белсендіге жақындарының кіруіне рұқсат берілмепті. Өткен аптада Мүбәраков отырған тергеу изоляторының қызметкері оның аштық жариялағанын растаған. 

«Барлық өтінішімізге құлақ аспай отыр. Прокуратура мен тергеу соты бүгін Айдардың қамау мерзімін тағы бір айға ұзартты» деп жазды Еркін Қаһаров. 

Сонымен қатар Айдар Мүбәраковпен қатар қамауда отырған тағы бірнеше белсенді өздеріне қоғамдық қорғаушы кіргізуді, қосымша сараптама тағайындауды талап етіп отыр. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар