АЭС құрылысы 2029 жылы басталады
Фото: Orda.kz
Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысының 2029 жылы басталатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Алмасадам Сәтқалиев жоба қазір алғашқы құрылымдық бетон құюға дайындық кезеңінде тұрғанын мәлімдеді. Алайда, бұл өте ұзақ әрі күрделі процесс екен. АЭС құрылысы кең ауқымды инженерлік зерттеулерді қажет етеді.
«Бұл кезеңге жету үшін техникалық құжаттар, жобалық зерттеулер, жабдықтарды таңдау және қауіпсіздік талаптары толық тексерілуі қажет», — деді агенттік төрағасы.
Сәтқалиевтің сөзіне қарасақ, «алғашқы бетон» жобаның нақты құрылысы басталғанын білдіреді.
«Көп нәрсе жабдықтың құрамына және жобалық жұмыстарға байланысты. Әзірге нақты айту қиын, Ресейдің жоспары бойынша 2029 жылы басталады деп болжап отырмыз. Келесі жылы да жобалық зерттеу жұмыстары жалғасады», — деді Сәтқалиев.
Айта кетейік, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының атауы «Балқаш» деп жарияланды.
Жаңалықтар
- АЭС құрылысы 2029 жылы басталады
- Қырғызстан президенті Тасмағамбетовті орденмен марапаттады
- Ақтөбе облысында ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салды
- Тоқаев Пашинянға «Алтын Қыран» орденін табыстады
- Украинада «Шетелдік легион» құрамында соғысқан Қазақстанның тумасы қаза тапты
- Алматы облысындағы ауыл тұрғындары шетелдіктерге жер беруге қарсы шықты
- Бішкекте хиджаб киюден бас тартқан қызға ата-анасы қорлық көрсетті
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Учаскелік инспектордың үстінен іс қозғалды
- Никол Пашинян қазақ әнімен бейнежазба жариялады
- Маңғыстау тұрғыны полицияның көзінше өзін өртемек болды
- «Үйіне арнайы барған»: Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына көңіл айтты
- «Алғабастағы алапат өрт»: Аман қалған тағы бір адам тікұшақпен Шымкентке жеткізілді
- Жұмысқа жарамды адамды мемлекет асырамайды – Бектенов
- «Сарбаздар өліп жатыр ма? Не айтып тұрсыз!»: қорғаныс министрі неге таңқалды?
- Қазақстан дрондарды атып түсіруге дайындалып жатыр
- «Ешқандай медаль оны қайтарып бере алмайды»: Марқұм фельдшердің күйеуі тергеудің әділ өтуін талап етті
- Әнші Абай Бегейдің қызы жазадан құтылды
- Тоқаев Ерлан Қаринмен кездесті
- Сенатқа үш жылдық бюджет туралы заңдар ұнамады: Құжат мәжіліске қайтарылды
- Түркістанда жекеменшік мектептердің мұғалімдері жарты жыл бойы айлық алмады