«Әйелмін бе, еркекпін бе?»: Атышулы Иман Хелиф мәлімдеме жасады
Париждегі Олимпиада ойындарында гендерлік дауға ұшыраған алжирлік боксшы Иман Хелиф алтын медальді жеңіп алуын даудың нүктесін қойған жауап болды деп отыр.
Бұл туралы ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Онда спортшы әрдайым әйел болғанын және әйел болып қала беретінін, көптің аяқтан тартқанына қарамастан табандылық танытқанын айтты.
«Бұл алтын медаль — маған қарсы жүргізілген науқанға ең жақсы жауап болды. Мен де кез келген әйел сияқты әйелмін. Әйел болып туылдым және әйел ретінде өмір сүрдім, бірақ күндес дұшпандарым бар», — деді Хелиф.
25 жастағы Хелиф 66 келі салмақ дәрежесінде финалда қытайлық Ян Люді жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды. Бұл жеңіс алжирлік спортшы үшін сегіз жылдық еңбектің нәтижесі болды.
«Бұл менің арманым еді. Сегіз жыл ұйқысыз өтті, сегіз жылым шаршаумен өтті. Енді міне Олимпиада чемпионымын. Өте қуаныштымын. Мені қолдауға келген барлық адамдарға, бүкіл Алжирге, Парижге алғыс айтқым келеді», — деді Хелиф.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Халықаралық бокс қауымдастығы Хелифті әлем чемпионатында генетикалық сынақтардың нәтижелері бойынша дисквалификациялаған болатын. Бұл сынақтарда спортшының ерлерге тән XY хромосомалық жиынтығы анықталған-мыс. Дегенмен, Халықаралық Олимпиада комитеті оны және тайваньдық спортшы Линь Юйтинді Париж Олимпиадасына қатысуға жіберді. IBA-ның гендерлік сынақтарының заңды еместігін мәлімдеп, олардың жүргізілуінде көптеген заң бұзушылықтардың болғанын атап өтті.
Еске сала кетсек, Orda.kz Иман Хелифтің алтын алғанын жазған болатын.
Жаңалықтар
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді