Әйелін жылдар бойы сабаған Қазақстан елшісі қамалды

cover Фото: instagram / Карина Госман /Сәкен Мамаш

Әйелін ұрып-соққан экс-дипломат Сәкен Мамаш Астанада қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.

Өткен жылы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты әйелін үнемі соққыға жыққаны үшін қылмыстық іс қозғалды. 

«Тергеу нәтижесінде күдікті Сәкен Мамашқа қатысты тергеу соты оны қамауда ұстайтын, бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу мүддесі үшін алдын ала тергеудің басқа деректері жария етілмейді», деп хабарлады ПД.

Қазақстандық дипломат Сәкен Мамаштың жұбайы Карина Мамаш әлеуметтік желіде отбасылық зорлық-зомбылық туралы мәлімдемесінен кейін ажырасқанын ресми түрде растады.

Еске сала кетсек, Сәкен Мамаш Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің кеңесшісі болып жұмыс істеген болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар