Әйелді тепкен пәтер иелері төрағасы айыппұл төледі

cover

12 маусымда пәтер иелері  төрағасы Мақсат Оспанов «Bukhar Jyrau Towers» тұрғын үй кешенінде өзіне өтінішпен келген әйелді тепкені камераға түсіп қалды.  

Бұл туралы журналист Михаил Казачковтың telegram арнасы хабарлады.

 Полицейлер Оспановтың әрекетін ұрып-соғу деп бағалап, сот оған 36 920 теңге көлемінде айыппұл салды.

Бейнежазба әлеуметтік желілерге таралып кетті.

Бейнежазбада ол ешкімді ұрмағанын айтады. Алайда сотта кінәсін бірден мойындады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар