Әйелдерге дауыстап сөйлеуге және жүзін көрсетуге тыйым салынды
Фото: Pexels
«Талибан» қозғалысы ауған әйелдеріне көпшілік алдында дауыстап сөйлеуге, пікірін айтуға және үйден тыс жерде жүздерін көрсетуге тыйым салды.
Бұл туралы BBC хабарлады.
Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысы «ізгілікті насихаттап, жамандықты жоюға» бағытталған жаңа заңдар қабылдады. Сонымен қатар, енді әйелдерге көпшілік алдында дауыстап сөйлеуге, пікірін айтуға және үйден тыс жерде жүздерін көрсетуге тыйым салынады.
Біріккен ұлттар ұйымы жаңа «жамандық пен ізгілік шектеулерін» айыптап, олардың қабылдануына алаңдаушылық білдірді. БҰҰ-ның жоғары лауазымды шенеунігі жексенбі күні жаңа заң Ауғанстан болашағына алаңдаушылық тудыратынын ескертті.
Заңды «Талибан» қозғалысының жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахунзада мақұлдады.
Ар-ұят министрлігі - ресми түрде ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігі ретінде - елде ешкім бұл заңдардан босатылмағанын атап өтті.
Жаңа заң бойынша, қоғамдық орындарда естілетін әйел дауысы да «тыйым» болып саналады. Жаңа шектеулер: «Кәмелетке толған әйел қажеттілікке байланысты үйінен шыққан кезде дауысын, бетін және денесін жасыруы керек» делінген.
Министрлік қазірдің өзінде шариғат заңдарына негізделген осындай моральдық талаптарды орындап, оны орындамағаны үшін мыңдаған адамды қамауға алғанын айтады.
Талибан бұл ережелер олардың шариғат заңдарын түсіндіруіне сәйкес келеді және оны моральдық министрлік орындауы керек дейді.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?