Аягөздегі сарбаздың өлімі: Менингитпен әскерге жіберген марқұм сарбаздан кім 4 млн айыппұл талап етті?
Дереккөз: ҚР Қорғаныс министрлігі.
Абай облысы Аягөз қаласындағы әскери бөлімде 18 жастағы сарбаз Саламат Сабитов қайтыс болды. Ол наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысынан әскерге шақырылған. Әскердегі кезекті қайғылы оқиғаның мән-жайын Orda.kz тілшісі анықтады.
Саламаттың денсаулығында күрделі мәселелер болған, дейді марқұмның туыстары. Ол әлі ант қабылдап та үлгермеген — әскерде небәрі үш апта ғана болған.
«Саламат әскерге жарамсыз еді, қолымызда медициналық анықтама да болды. Омыртқасы ауыратын. Көру қабілеті де нашар болатын. Соған қарамастан, оны танк бөлімшесіне жіберді. Бір апта бойы ауруханада жатты. Жағдайы нашарлаған соң, ата-анасын шақыртқан», – дейді туысқаны.
Аягөздегі әскери бөлімде көз жұмған Саламат Сабитовтың анасының айтуынша, Саламаттың науқас екенін және әскери қызметке жарамсыз екенін бірнеше рет ескерткен. Алайда әскерилердің қысымымен оны медициналық тексеруден өткізіп, келесі күні-ақ әскерге алып кеткен. Тіпті, қорқытқан жағдайлар да болған.
«22 сәуір күні түнгі он шамасында екі әскери үйге келді. Ұлымның әскери қызметтен жалтарып жүргенін айтып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Істі әскери прокуратураға жібереміз деді. Сонымен қатар, бізге төрт миллион теңге айыппұл төлеуіміз мүмкін екенін айтты. Менде ондай ақша жоқ. Біз пәтер жалдап тұрамыз. Таңертең, сол жерден бірден алып кетті. Мен ол кезде жұмыста болдым. Ұлымды пойызға отырғызғанда ғана көріп үлгердім. Кейін анда-санда хабарласып тұрдық. Ешнәрсеге шағымданған жоқ. Кейінірек ұлым жансақтау бөліміне түсті. Командир бәрі жақсы екенін, уайымдамауымызды айтты. Біз сенбедік, бір туысымызды жібердік. Ол Саламаттың комаға түскенін айтты. Мен ертесіне жеттім. Сол күні жүрегі тоқтап қалды»,— дейді қайғылы ана.
Қорғаныс министрлігі Саламат Сабитовтың қайтыс болғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, сарбаз 19 мамырда Аягөз аудандық ауруханасында көз жұмған. Өлім себебі — гипертоксикалық формадағы бактериялық менингит.
«16 мамыр кешке сарбаз өзін жайсыз сезініп, дене қызуы көтерілген соң әскери госпитальге жатқызылды. Бастапқы тексеріс пен ем тағайындалғанымен, жағдайы жақсармады. 17 мамыр күні қосымша тексерулер жүргізілді, оның ішінде УДЗ мен КТ. Нәтижесінде оны әрі қарай ем алу үшін аудандық орталық ауруханаға ауыстырды. 18 мамырда сарбаздың жағдайы күрт нашарлады. Жансақтау бөлімінде дәрігерлер қолдан келген барлық шараны жасаса да, аман алып қала алмады. Сарбаздың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды», деп мәлімдеді министрлік.
Жаңалықтар
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема