Аягөз қаласында трансформатор өртеніп, жарық өшіп қалды

cover Фото: freepik.com

Аягөз қаласында электрмен қамтамасыз ететін қосалқы трансформатор өртеніп, жарық беру тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қабанбай көшесінің бойында орналасқан трансформатор өртке оранған. 

«23:30 шамасында Аягөз қаласының электрмен қамтамасыз ететін орталық қосалқы станциясындағы өртке байланысты қалада жарық өшіп қалды. Қазір қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр», деп мәлім етті Аягөз ауданының әкімдігі. 

Кент маңындағы 15 ауылда электр беру қалпына келтірілді. Алайда Аягөз қаласы мен 7 ауылға әлі жарық берілмеген. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар