Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Жыланбаевтың денсаулығы туралы тараған ақпаратты «хайп» деп атады

cover Фото: gov.kz

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Марат Жыланбаевтың денсаулығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Артур Ластаев М. Жыланбаевқа қатысты бейнежазбаларды сұратқан. Ол бейнелерді қарап шығып, Жыланбаевтың бұрынғыша жазасын өтеп жатқанын, серуенге шығатынын, туыстары мен адвокаттарымен кездесетінін, спортпен айналысып, кітап оқитынын көрген. Уәкіл Жыланбаевтың медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауында екенін айтты. 

«Бұл сотталғанға мониторингтік сапарларды Омбудсмен өкілдері үнемі жүзеге асыратынын атап өту маңызды. Атап айтқанда, жыл басынан бері оны екі рет, соның ішінде бір айдан астам уақыт бұрын соңғы рет барып көрдік. Өткен жылы да осындай екі кездесу өткізілген. Жақын арада ол жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесіне кезекті жоспарлы сапар жоспарланған», - деп жазды Ластаев. 

Уәкіл оның «ауыр халде екендігі», «салмағы 45 келіге дейін түсіп, ес-түссіз күйде жатқаны» туралы айтылып жатқан ақпараттарды жоққа шығарды. Әрі Марат Жыланбаевтың жағдайына алаңдаған белсенділерді «қоғамды әдейі жалған ақпаратпен адастырып отыр» деп айыптап, олардың ісін «хайп» деп бағалады.

Айта кетейік, бұған дейін құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Жыланбаевтың есінен танып қалғанын хабарлаған болатын.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар