«Абылай хан Шыңғыс ханның ұрпағы емес»: Тарихшы қалыптасқан ойды жоққа шығарды
Фото: Wikipedia
Белгілі шығыстанушы Клара Хафизова қазақ ханы Абылайдың Жошы ханның ұрпағы болмағанын, яғни оның төре тұқымынан шықпағанын мәлімдеді. Бұл тұжырым Абылай ханның тарихи рөлін қайта қарауға түрткі болуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол «Курсив» басылымының жазуына қарағанда ол көптен бері қалыптасқан ұғымды жоққа шығарды.
«Елу жыл зерттеп, Абылай ханның елу жұмбағын да шеше алмадым. Жыл сайын жұмбақ көбейіп жатыр», – дейді тарих ғылымының докторы.
Ғалым бұл пікірін бірнеше дерекпен дәлелдейді. Оның айтуынша, Абылай хан «хантапалай» дәстүрін сақтамаған, яғни өзіне тарту етілген сыйлықтарды жұртқа үлестірмеген. Сондай-ақ, тұтқынға түскенде, төре әулетінің дағдысына сай өзін өлтіруді талап етудің орнына, қарапайым тұтқындар секілді түрмеге қамауды сұраған.
«Абылай ханның бір шикілігі бар. Менің зерттеуім бойынша, ол Жошы ханның ұрпағы емес. Мұны айтсақ, кейбір адамдар маған ренжиді. Бұған мен қатты таңғаламын. Қазақ тарихында ондай билеушілер болды. Өз күші, қарым-қабілетіне қарай, сұлтандардың қолдауымен көтерілген адамдар болды. Абылай хан – солардың бірі», – дейді ғалым.
Дегенмен, зерттеуші Абылай ханның көреген саясаткер, жағдайды тез бағамдай алатын ақылды тұлға болғанын атап өтті. Ғалымның айтуынша, оның қайшылыққа толы болмысын әлі де тереңірек зерттеу қажет.
«Әбілмәмбет осындай дипломатиялық сыйлық алса, «ханталапай» жасайды. Яғни бәрін ежелгі дәстүр бойынша халыққа үлестіріп береді. Ал Абылай хан сыйлықтарын жасырып, ешкімге бермеген. Осындай ақсүйекке ұқсамайтын қасиеттері көп. Сауда жасаған, дүние-мүліктің құнын білетін халықтардың өкілін еске түсіреді. Ал қазақ ондай болмаған», – деп тұжырым жасайды тарихшы.
Ол Абылайдың хан әулетіне тән емес әрекеттерін мысалға келтірді.
«Мұнысы да хан әулетіне тән емес. Тіпті қазақтың мінезіне ұқсамайды. Хан тұқымы ақсүйек ретінде өздерін ұдайы абыройын бәрінен биік қояды. Абылай хан болса, керек кезінде иіле салатын. Бірақ онысы ұзақ уақытқа созылмайтын. Қазақ ханының өкілдеріне өзінің зынданда жатқанын көрсеткісі келді», – дейді Клара Хафизова.
Бұл мәлімдеме қоғамда және тарихшылар арасында қызу пікірталас туғызып жатыр.
Жаңалықтар
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу