Абу-Даби Плаза құрылысшылары жалақыларын ала алмай жүр

cover

Абу-Даби Плазаның құрылысшылары соңғы екі айлық жалақыларын талап етіп, жұмысқа шықпаған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Кешеннің құрылысшылары КТК телеарнасына берген сұхбатында айтқандай, олардан жалақысының 20%-ы ұсталатындығына қарамастан, екі айдың ішінде жұмысшылар қажетті сақтандыру төлемдері мен зейнетақы жарналарын ала алмай отыр.

Жалақы төлеу талабымен құрылысшылар жұмыс берушілердің кеңсесіне баруға мәжбүр болды. Олар төлемнің кешігуін коронавирустық жағдайдың күрделілігімен түсіндірді, бірақ жұмысшыларға сол күні жалақыны төлеуге уәде берді.

Ілияс Дауленов, мердігер компанияның өкілі:

– Коронавирустық жағдай барлық жерде. Біреу қашықтықтан жұмыс істейді, біреу жұмысқа келмейді, біреу ауырып қалады. Егер тізбектегі кем дегенде бір буын үзілсе, бәрі құрдымға кетеді. Осы кезде бізде азды-көпті қиындықтар туындайды. Мені тыңдап, түсінсеңіздер деймін. Бүгін біз бір жарым айға жалақы төлейміз.

«Абу-Даби Плаза» көпфункционалды кешені 2010 жылдан бері Нұр-Сұлтанның сол жағалауында салынуда. Құрылыстың сметалық құны 1,6 млрд доллар болады. Кешен Ақмешіт, Сығанақ және Түркістан көшелерінің аймағында орналасқан.

Абу-Даби Плаза құрылысының аяқталу мерзімі бірнеше рет кейінге қалдырылды. Ішінара ашылуы 2019 жылдың желтоқсанында өтті. Олар құрылысты 2021 жылы аяқтамақ ниетте.

Құрылыс кезінде қосалқы мердігерлердің жұмысшылары еңбек жағдайларына бірнеше рет шағымданды. Сондай-ақ, аяқталмаған ғимарат бірнеше өрттен аман қалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар