Әбіләзовтың компаниясына қатысы бар жер телімдері мемлекетке қайтарылды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Жамбыл облысы азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қордай ауданы тұрғындарының жер учаскелерін «БТА банкке» кепілге беруді заңсыз деп тапты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

 «БТА Банк» мен «Қазэксим» ЖШС 2006 жылы редиттік шарт негізінде жалпы көлемі  14 мың гектардан асатын 16 жер учаскесі «Қазэксим» ЖШС-нің қарызын қамтамасыз ету үшін банкке кепілге берілген. Жер пайдаланушылары 2010 жылы қыркүйек айында несие шарты мен жер учаскелерінің кепілге берілгені туралы білген.

2010 және 2017 жылдардағы сот үкімдерімен «Қазэксим» ЖШС бас директоры, М.Әбіләзов және басқа да ұйымдасқан топ мүшелері сотталды. Олардан Банк пайдасына материалдық залалдың едәуір бөлігі өндірілген. 

«Борышты қайтару бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты 2011 жылы Жамбыл облысының прокуроры «БТА Банкі» АҚ-ның мүддесі үшін сотқа талап арызбен жүгінген. 2011 жылғы соттың шешімімен "Қазэксим" ЖШС-нен банктің пайдасына жауапкерлердің мүлкінен өндіріп алу жолымен 3 млрд.теңгеден астам қарыз өндірілді. 2016 жылдың қыркүйек айында ЖСО атқарушылық іс жүргізу өндірісі қозғалып, «Қазэксим» ЖШС кепілге қойылған мүлкіне өндіріп алу бойынша атқарушылық әрекеттері жасалды. 2018 жылы аукциондық сауда-саттық жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша 5 жер учаскесі сатылып кеткен. Сот алқасы 2018 жылғы сот шешімі заңсыз деген шешімге келді, себебі ол жер учаскелері «Қазэксим» ЖШС-не заңсыз берілгенін анықтап, осыған байланысты жер учаскелері Қордай ауданының тұрғындарына қайтарылуға жатады деп тапты» делінген хабарламада. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар