Абай облысындағы ауылдың бірін қызыл су басты
Абай облысы Бақты ауылындағы тұрғын үйлерді еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды Orda.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Еріген қар суы Бақты ауылына жетіп, бірнеше тұрғын үйді су басты. Осыған орай, Абай облысының жол қызметкерлері су тасқыны салдарымен күресуде» делінген хабарламада.
Тарбағатай жотасындағы еріген қар суы Таскескен-Бақты облыстық маңызы бар жолға жайылды. QazAvtoJol су қорлары толып кетпейтіні мен қызыл судың ары қарай жайылмайтынына сенімді.
«Бақты ауылының ғимараттары мен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су басқан аумақтарға құм-қиыршық тас қоспасы мен құмға толы қаптар тасымалдануда»,- дейді мамандар.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды