«Абай» кенішіндегі апат техногендік сипатта болған

cover

Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов барлық белгілер бойынша апат техногендік сипатта болғанын айтты.

Оның айтуынша, жер астында болған адамдар  сыртқа шыға алмай, тұншығып қайтыс болған.

— Метан газының көп шоғырлануы салдарынан бөлінген газдың нәтижесінде оттегі жетіспей, кеншілер тұншығып қайтыс болды, - деді Мұрат Қатпанов.

Жұмысқа тау-кен құтқару бөлімшелерінің 6 бөлімі жұмылдырылды. Сағат 9.50-де шахтаның ортаңғы жер асты бөлігінде 2 кенші тірі табылды. Олар қазір Қарағандыда емханада жатыр. Олардың жағдайы орташа тұрақты деп бағаланып отыр. 10 минут ішінде қалған 6 кеншінің денесі табылды. Қазіргі уақытта барлық кеншілер сыртқа шығарылды. Кенішті жөндеу жұмыстарына оншақты адам қалды. Зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Апат себептерін анықтау үшін Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Юрий Ильиннің басшылығымен үкіметтік комиссия құрылды.

Бұған дейін, 7 қарашада сағат 8.24-те «АрселорМитал Теміртау» көмір департаментіне қарасты «Абай» шахтасындағы бір беткейде кенеттен метан мен көмір газы шыққанын хабарлаған едік.

Апат кезінде шахтада небәрі 64 адам жұмыс істесе, оның 8-і тікелей апатты жағдайда жұмыс істеген.

Ботагоз Омарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар