Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы істі болды
Фото: Alash.kz
Әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем Ниязқұлова мен күйеу баласы заңсыз онлайн-лотерея ұйымдастырғаны үшін істі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, ерлі-зайыпты Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам жазылушысына ұтыс ойындарын ұсынған. Алайда тіркелген лотерея операторы болмаған. Соған қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылған ұтыс ойындарын өткізген.
«Ұтыс ойынына 1800-ден астам азамат қатысқан. Заңсыз қызметтен түскен қылмыстық кіріс көлемі 162 млн теңгеден асты. Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банктегі шоттарына тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», деп хабарлады агенттік.
Еске салайық, бұған дейін Абай Бегейдің 9-сыныпты енді ғана бітірген қызының тұрмысқа шығуы қоғамда қызу пікірталас туғызған болатын.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды