Ақжарда белгісіз заттың жарылуынан үй құлады

cover

Апат 11 сәуірде сағат 16.00 шамасында Хромтау ауданы, Ақжар ауылында болған.

Бұл туралы Orda.kz жергілікті Mgorod.kz басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Жеке үйде жарылыс болып, үйдің бір бөлігі құлады. Жеті адам жарақат алды, оның үшеуі балалар.

Күйікпен зардап шеккендер Хромтау облыстық ауруханасына жеткізілді.

– Барлығын күйік шалды. Жарылған газ емес. Ақ заттың бір түрі. Біреу оны үйге алып келуі мүмкін, ол туралы жәбірленушілер ештеңе айтпады. Екі әйел жансақтау бөлімінде жатыр, қалғандары, соның ішінде балалар, күйікпен бөлімге жеткізілді, - деп хабарлады Хромтау аудандық ауруханасы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар