Ақтауда көлік өртеніп, қатты жарылыс болды

cover

Желіде көліктің жарылыс сәті түсірілген бейнежазба пайда болды.

Ақпарат Lada.kz сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Куәгерлердің айтуынша, көлік құралының жануы 12 сәуірде 34 шағын ауданда, «Аяулы Ана» тұрғын үй кешенінің жанында болған.

Кадрларда көліктің қалай өртенгенін көруге болады, бір сәтте күшті жарылыс естіледі. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция және жедел жәрдем келді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар