Ақтау жағажайында жаппай төбелес болды

cover

Әлеуметтік желілерде Ақтаудағы жағажайда жаппай төбелес туралы видео таралды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Оқиға 22 маусымда «Достар» жағажайында болған. Видеодағы кадрларға сәйкес оқиға күндізгі уақытта, айналасында көптеген демалушылар бар кезде орын алған. Кейбір демалушылар төбелескен жігіттерді ажыратып жіберуге тырысқан.

Үш жігіт Ақтау полициясына жеткізілді.

- Олардың екеуі кәмелетке толмаған болып шықты, Ақтау ювеналды полиция қызметкерлеріне берілді, оларға 127 «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» және ӘҚБтК - нің 434 «ұсақ бұзақылық» баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары төбелеске қатысы бар адамдарды іздестіруде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар