Ақсуда мектеп оқушысы бес метрлік кәріз құдығына түсіп кетті

cover

Ақсуда мектеп оқушысы анасының көзінше ашық тұрған бес метрлік кәріз құдығына құлап кетті. Баланы люктен шығаруға әйелге жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері мен полиция көмектесті, деп хабарлады Orda.kz.

Оқушы қыздың құтқарылған сәті Instagram-да пайда болған видеода түсірілген.

Жарақат алған қыздың анасы Ақсу көшелерінің бірінде болған оқиға туралы айтып берді.

– Қызым екеуміз дүкенге бара жатқанбыз, жаяу жүргінші жолында тайғақ болды, сондықтан біз қармен жүрдік. Қар астынан ештеңе көрінбеді. Менің көз алдымда балам бес метр тереңдіктегі құдыққа құлап түсті. Мен көмекке шақырдым, бірақ жанымызда ешкім болған жоқ. Кейін полицияға хабарластым, үйден арқан алып келдім. Көшеде мен бір адамды көрдім, ол жақын жерде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясында жұмыс істейді екен. Ол көмектеусге келді, - деді мектеп оқушысының анасы Ботагөз Сайлау.

Қыз балаға медициналық көмек көрсетілді.

– 2008 жылы туылған қызға мидың шайқалуы, желке, бел және сол жақ иық аймағында жұмсақ тіндердің жарақаты диагнозы қойылды. Қазір ол травматолог дәрігерінің амбулаториялық бақылауында, - деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, жасөспірім құлаған кәріз люгі қаладағы сумен жабдықтау желілерін жөндейтін белгілі бір жеке компанияның салғырттығынан ашық тұрған.

– Бұл факті бойынша Ақсу полициясы қылмыстық іс қозғады. Алматыдан келген мердігер компания Ақсу қаласында 2018 жылдан бастап су құбырларын ауыстыру бойынша жұмыс істейді. Компания өкілі сәуір айының басында Ақсу қаласына келіп, келтірілген шығынды өтейді. Қазіргі уақытта құрылыс бөлімі осы мердігермен келісімшартты бұзып жатыр. Фирма жақын арада барлық ашық құдықтарды жабады, - деп түсіндірді Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар