АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуы туралы баяндама жариялады
WASHINGTON, DC - JANUARY 19: The Capitol building is surrounded by American flags on the National Mall on January 19, 2021 in Washington, DC. Tight security measures are in place for Inauguration Day due to greater security threats after the attack on the U.S. Capitol on January 6. (Photo by Stephanie Keith/Getty Images)
АҚШ Мемлекеттік департаменті 2020 жылы әлемдегі адам құқықтарының сақталуы туралы баяндама ұсынды, оның бір бөлімі Қазақстандағы жағдайға арналған.
Баяндамада елдегі адам құқықтарының бұзылуына байланысты келесі проблемалар атап өтілген:
- азаптаулар және адамдарды түрмеде ұстаудың қолайсыз жағдайлары;
- саяси себептер бойынша ұстау және қамауға алу;
- сот билігінің атқарушы билікке тәуелділігі;
- сөз, баспасөз және интернет бостандығын шектеу;
- бейбіт жиналыстар мен бірлесу бостандығы құқықтарына араласу;
- саяси өмірге қатысуға шектеулер;
- жемқорлық;
- адам саудасы;
- жұмысшылар бірлестіктері бостандығын шектеу.
Баяндамада ҚР Үкіметі қылмыс жасаған лауазымды тұлғаларды, әсіресе сыбайлас жемқорлық туралы беделді істерде іріктеп қудалағаны атап өтілген.
— Сыбайлас жемқорлық кең таралған құбылыс болып қала береді және жазасыздық көптеген басшылық лауазымдарға, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен байланысты адамдарға да қатысты, - деп санайды АҚШ Мемлекеттік департаменті.
— Елдің сот жүйесі әлі де атқарушы билікке қатты тәуелді, судьялар саяси ықпалдан шыға алмайды, ал сыбайлас жемқорлық бүкіл сот жүйесінің проблемасы болып отыр. Заң прокурорларға азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеу бойынша кең өкілеттіктер береді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және басқа да ведомстволар Бас прокуратураның келісімімен жеке хабарламалар мен қаржылық есептердің құпиясына, сондай – ақ тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты сақтамауы мүмкін, - делінген құжатта.
АҚШ Мемлекеттік департаменті ҚР Конституциясы сөз бен баспасөз бостандығын қамтамасыз етсе де, Үкімет сөз бостандығын шектеп, БАҚ-қа түрлі құралдар, соның ішінде ұстау, түрмеге қамау, қылмыстық және әкімшілік айыптаулар арқылы әсер етті, деп атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық