7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер

cover Фото: gov.kz

Air Astana 7–9 наурыз аралығында Таяу Шығыс елдерінен орындалатын репатриациялық рейстердің тізімін жариялады. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Orda.kz хабарлайды.

Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, 7, 8 және 9 наурыз күндері Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігімен бірлесіп төмендегі бағыттар бойынша арнайы рейстер ұйымдастырылады.

7 наурыз

  • KC2228 — Жидда (ұшу 13:45) – Атырау (қону 22:05)
  • KC2234 — Жидда (ұшу 16:15) – Атырау (қону 00:35+, 8 наурыз)
  • KC2226 — Жидда (ұшу 16:55) – Атырау (қону 01:15+, 8 наурыз)


8 наурыз

  • KC8860 — Атырау (ұшу 00:05+) – Алматы (қону 03:00+)
  • KC8840 — Атырау (ұшу 02:35+) – Алматы (қону 05:30+)
  • KC3180 — Атырау (ұшу 03:15+) – Алматы (қону 06:10+)
  • KC2236 — Жидда (ұшу 13:45) – Атырау (қону 22:05)
  • KC2238 — Жидда (ұшу 15:05) – Атырау (қону 23:25)


9 наурыз

  • KC8860 — Атырау (ұшу 00:05+) – Алматы (қону 03:00+)
  • KC8840 — Атырау (ұшу 01:25+) – Алматы (қону 04:20+)


Сонымен қатар 8 наурыз күні Air Astana қосымша эвакуациялық рейстер орындайды:

  • KC2242 — Жидда (ұшу 16:15) – Атырау (қону 00:35+)
  • KC8780 — Атырау (ұшу 02:35+) – Алматы (қону 05:30+)
  • KC2246 — Жидда (ұшу 16:50) – Атырау (қону 01:10+)
  • KC8900 — Атырау (ұшу 02:10+) – Алматы (қону 05:05+)


Барлық бағыт жергілікті уақытпен көрсетілген.

Әуе компаниясы қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы жағдайдың дамуын мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар