7 жасар қызды жүк көлігі басып кетті: Автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

cover Фото: бейнекадрдан үзінді

Алматыда 7 жастағы қыздың өлімі үшін автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қайсар Сұлтанбаевтың сөзінше, автобус жүргізушісі жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан қызға жол бермеген. Салдарынан қыз артқа бір қадам шегінген кезде жүк көлігінің көрінбейтін аймағында тұрып қалған. Содан жүк көлігі оны басып өткен. 

«Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында барлық қатысушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Әрқайсысы заңға сәйкес жазаланады. Автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды», – деді Сұлтанбаев.

Зерттеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Алайда автобус жүргізушісі қандай жауапкершілікке тартылғаны әлі белгісіз.

Еске сала кетсек, Orda.kz бұған дейін Алматы қаласында 2 наурыз күні 7 жастағы қызды абайсызда басып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жазған болатын. 3 сәуір күні де Алматы қаласындағы Алмалы ауданында тағы бір 7 жастағы мектеп оқушысын көлік қағып кетті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар