7 млрд сыйақы алатындай «Самұрық-Қазына» басшылығы не тындырды?
Фото: Skc.kz
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры өздерінің аудиторлық есептерін жариялады. Есепте «Самұрық-Қазына» мен оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері 2024 жылы шамамен 7,7 млрд теңге табыс тапқаны тайға таңба басқандай көрсетілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Құжат Қазақстан қор биржасының KASE сайтында жарияланды. Онда соңғы екі жылдағы директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінен тұратын негізгі басқарушыларға берілген сыйақылардың жалпы қаржысы ашық жазылған.
«Қордың және оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінен тұратын негізгі басқарушыларға төленген жалпы сыйақысы – 7,687 млрд теңге болған. Бұл ақша топтастырылған жиынтық кіріс туралы есептің жалпы және әкімшілік шығындарына енгізілген» деп жазды «Самұрық-Қазына».
Берілген мәліметке қарасақ, басшылыққа берілген сыйақылар негізінен еңбек келісімшарттарымен белгіленген. Мысалы, жалақы шығындары және компанияның операциялық көрсеткіштеріне байланысты қосымша ақша төлеп отырған.
Сондай-ақ, жалақыға жұмсалған жалпы шығындар (әлеуметтік салық пен аударымдарды қоса алғанда) 2024 жылы 301,9 млрд теңгеге жеткен. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 271,3 млрд теңге болған.
Еске сала кетейік, мәжілісмен Әділ Жұбанов «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын сынға алып, оны тарату керек деген ұсыныс айтты
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?