«7-20-25» пен «Баспана Хиттің» орнына жаңа бағдарлама бола ма?

cover

Қазақстандықтарға жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған бағдарлама даярлауды мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров ұсынды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Аталған мәселе бойынша депутаттық сауал премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолданды.

– 313 мыңнан аса азаматтың арнайы шотына 1 триллион 400 млрд теңгеден аса қаражат аударылды. Олардың бәрі зейнетақы жинағынан пайда көрді. Бұл жоба бүкіл экономикаға әсер етті. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық пайда көбіне екі мегаполистегі құрылыс салушылар, банктер мен импорттаушыларға түскенін көріп отырмыз. Бірақ халықтың тұрғын үйге қол жеткізуі әлі де қиын, бұл жүйелік проблема шешілмей қалды. Қоғамда тұрғын үйдегі бөлініс тек нашарлады, - деді Айқын Қоңыров.

Оның айтуынша, инфляцияның үдеуі байқалған. Оған себеп – құрылыс материалдарының қымбаттап, тұрғын үй бағасына әсер етуі.

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешу қолға алынғалы бері үйдің бағасы 8,3 пайызға қымбаттаған.

Ал 2020 жылмен салыстырғанда бағаның 22 пайызға өскенін көруге болады.

Қоңыровтың айтуынша, небәрі 2 пайыз халық зейнетақы жинағын шешкен, бірақ елдегі инфляция барлық топқа әсер еткен.

– Мемлекет әрекет етеді, бірақ әдеттегідей кешігіп. Монополияға қарсы агенттік бағаларды реттеуге тырысып жатыр, бірақ БЖЗҚ-дан алынған қаражаттың таусылуына байланысты бағаның өсуі табиғи түрде баяулап келеді.

Осылайша, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалану жөніндегі жобаны жалғастыра отырып, екінші кезеңде қосымша жүйелі шаралар қосу маңызды деп санаймыз. Бұл шаралар жеке топтарға емес, бүкіл қоғамға арналуы керек. Шаршы метрді жалпы пайдалануға беру тиімділікті бағалау критерийі ретінде ескірген және шындықты көрсетпейді. Бұл «инвестициялық көпіршікке» алып келді және көптеген азаматтың тұрғын үй мәселесін шешпейді, - деді мәжіліс депутаты.

Халықтың басты проблемасы

Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары басты мәселе – сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету екенін алға тартты.

– Біздің азаматтарымызға жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған «Жер үй» бағдарламасы қажет. «Қазақстанның Халық партиясы» фракциясы Үкіметке ЖТҚ үшін жер учаскелерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін ойға қонымды құрал - мемлекет кепілдік беретін облигациялар шығару және оған БЖЗҚ қаражатын инвестициялауды ұсынады.

Бұл көптеген қазақстандықтың өз үйін салу үшін жер учаскелеріне құқығы мен арманын іске асыруға, инфрақұрылымы бар аумақтар жоқ деген проблеманы шешуге және ең бастысы, тұрғын үй саласындағы жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. «Жер үй» ЖТҚ дамыту бағдарламасымен бірге қажетті құрылыс және әрлеу материалдарының, ілеспе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамыту жөніндегі шаралар атқарылуы керек, - деп ұсыныс айтты депутат. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар