660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшасын өтірік көмек сұрағандарға жіберген

cover Фото: Orda.kz

660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшасын өтірік көмек сұрағандарға жолдаған. Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігі алаңында өткен жиында белгілі болды. 

Жалпы жиналған қаржы сомасы 6 млрд теңге болған, оның 33%-ында (2 млрд) алаяқтық белгілері бар. ҚМА басшысы Дмитрий Малахов азаматтар «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін қайырымдылық қызметі мен көмек көрсету түріндегі қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асыратынын атап өтті.

Зиянкестер ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды.

«Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, «жалған» мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін. Отырысқа қатысушылар – АХҚО, қаржы реттеушілері және екінші деңгейлі банктердің өкілдері краудфандингтік қызметті реттеу бойынша заңнамалық шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті», - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар